Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мейлінше автоматтандыру бірінші кезекте тұрғындар және бизнес үшін өте ыңғайлы, екіншіден, қызмет сапасына оң әсерін тигізіп, жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік туғызады.Осы бағытта Түркістан облысының Әділет департаменті тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы А.Пирметовтың төрағалық етуімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының тіркеу басқармасының басшысы М.Умирзаховтың, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының-Халыққа қызмет көрсету бойынша филиалының Түркістан қалалық №1 бөлімшесінің басшысы Б.Надиркуловтың және жауапты қызметкерлердің қатысуымен электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі бойынша семинар өткізілді.Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін заңнама және осы салаларды реттейтін өзге нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 14-2-бабымен заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізудің хабарлама беру тәртібі: басшыны өзгерту (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау, басшыны лауазымынан шеттету) қарастырылған.Бүгінгі таңда заңды тұлға басшысының өзгеруі ең кең таралған және сұранысқа ие қызмет болып табылады.Заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша әзірленген Жол картасының 22 тармағына сәйкес «Электронды үкімет» порталында (e.gov.kz) 11.10.2021 жылдан бастап тұрғындар, кәсіпкерлер фронт-офистің, бэк-офистің қатысуынсыз автоматты режимде заңды тұлға басшысын өзгерту бойынша сервис қызметін қолдана алады.Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі-ЖҰЖ) 133-тармағын орындау шеңберінде ақпаратты цифрлық (автоматты) растау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында неғұрлым талап етілетін анықтамалар мен қағаз растамаларды алып тастау бойынша жұмыстар жүргізілді.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіру, қағаз және электрондық мемлекеттік қызмет қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ тұрғындар үшін де, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту – уақыт талабы.
Түркістан облысының Әділет департаменті