Түркістан облысы тұрғындарының назарына!

29 қараша күні сағат 15.00-де Түркістан облысының Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Аңсар Пирметов Департаменттің фейсбуктегі ресми парақшасында тікелей эфирде сұхбат береді. Тіркеу саласына қатысты сауалдарыңыз болса, посттың астына пікір жазып қалдырыңыздар. Сондай-ақ, тікелей эфир арқылы сұрақтарыңызды жолдай аласыздар. Тікелей эфирге төмендегі сілтеме арқылы кіруге болады. Әлеуметтік желі арқылы келіп түскен барлық сұраққа жауап беріледі.

Түркістан облысының Әділет департаменті