2021 жылғы 21 мамырда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.
Министрге қойылатын сұрақтар мен ұсыныстарыңызды ps@emer.kz электрондық мекенжайына жіберіңіздер, немесе Call-орталығының 8(7172) 32-32-89, 53-32-79 телефондарына хабарласыңыздар.Есеп беру кездесуі онлайн режимде Министрліктің ресми интернет-ресурсында және оның Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында, Youtube арнасында тікелей эфирде өткізіледі.Сұрақтар ағымдағы жылғдың 21 мамырына дейін қабылданады.