Аудандық полиция басшылығы халыққа есеп берді

Нурлыбек Нарбаев

Қазығұрт ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Нурлыбек Нарбаев 2023 жылдың 12 айында атқарылған жедел қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша халыққа есеп берді. Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары М.Әшірбаев, прокурор Қ.Базарбаев, ардагерлер мен жеке құрам қатысты.

Алғашқы сөзді алған Нурлыбек Нарбаев өткен жылы аудандық полиция бөлімінің атқарған жұмыстарын баяндады. Баяндамашы өз есебінде:

2023 жылы қылмыстық құқықбұзушылықтардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 8,1%-ға төмендеген. Оның ішінде ауыр дәрежелі мал ұрлықтарының тіркелімі 5,6%-ға азайған. Жалпы, полицейлердің күндіз-түні қызметтерін мінсіз атқару арқасында қылмысар біршама кеміп, нәтиже беруде деп атап өтті. Шара соңында жиынға қатысқандар аудан полицейлерінің жасаған жұмыстарына оң бағасын беріп, көкейдегі мәселелерін жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі