Тәртіп сақшылары «синтетиканың» 2 мыңнан астам дозасының қала аумағында таралуының алдын алды.
Есірткі сатушыны жедел уәкілдер Абай ауданының аумағында ұстады.
Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде есірткіні өлшеп орауға арналған заттар, яғни таразы, изолента, термоусадка, гриппер-пакеттер, сонымен қатар аса ірі мөлшердегі мефедрон табылды.
Ер адам интернет-мессенджер арқылы есірткі салынған пакеттер жасырылған орындар туралы ақпарат алып, оларды бір реттік дозаларға бөліп, өткізумен айналысқаны белгілі болды.
Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Аталған қылмысты жасағаны үшін 34 жастағы азамат он жылдан он бес жылға дейін бас бостағынан айырылуы мүмкін.
Полиция ескертеді: есірткімен байланысты кез-келген заңсыз әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Шымкент қаласы ПД