Шымкент қаласында қала күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «19 маусым-қала күні» меркесін атап өту мақсатында «Қызғалдақ» субұрқағы маңында 14 маусым күні сағат 19:00-де «Би Батл» фестивалі өтті.
Іс-шара жасөспірімдер мен жастарды салауатты өмір салтына баулу, олардың спорттық мәдениеті мен хореографияға қызығушылықтарын арттыру, жастардың интеллектуалдық және ұлттық көзқарастарын дамыту мақсатында ұйымдастырылып, өткізілді. Оған «Аймақтық Брейк данс Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері, оқушылар мен колледж студенттері қатысты.
Фестивальді Білім басқармасының басшысы Ж.А.Тажиева ашып беріп, қала күні мерекесімен барлық қатысушыларды құттықтай келе, жарысқа қатысатындарға сәттілік тіледі.
Аталған іс-шараға «Брейкинг Батл» , «Хип-хоп» жанрлары бойынша үйірмелерде сабақ алатын 6 топ қатысып, қазіргі би өнерінің үлгілерін және оның негізгі ережелерін орындағандары бойынша бақтарын сынасты.
«Би Батл» байқауының талаптары бойынша қатысушылар 2 бағытта жарысты.
«Брейкинг Батл»:
- музыкалық әуен бойынша билеу;
- жеке техникасы мен комбинациясының орындалуы;
- төменгі бидің айналу элементтері, трикс, футборк элементтері;
- төменгі бидің күш фриздарын орындауы;
- түпнұсқалық орындалуы.
«Хип-хоп» :
- бастауыш батл;
- жалғастырушы батл;
- кәсіпқой батл.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып, жүлделі орындар берілді
«Брейк данс» шоу бағдарламасы бойынша марапаттау:
I орын — «Step Ap» тобы 40000 мың теңге мен Диплом;
II орын — «Djangl» тобы Диплом;
Хип хоп бойынша :
I орын -«РИА» тобы 50000 мың теңге мен Диплом;
II орын — «Step Ap» тобы Диплом;
III орын – «Заңғар» тобы Диплом.
Шымкент қаласы білім басқармасы