Құрметті Арыс қаласының тұрғындары! 2021 жылдың 24 қарашасынан бастап 30 желтоқсанын күндері, сағат 9.00 мен 18.00 аралығында №44859 әскери бөлімінің «Бастырма» полигонында оқ-дәрілердің сапасын сынау және тексеру жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. Сынақ барысында пайда болған қауіптерді төмендетуге керекті шаралар мен арнайы құрылғылар қолданылуда. Жарылғыш заттардың жою барысында тек қана дыбыстық әсер мен қара түтін болады. Жергілікті тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ.Залалсыздандыру жұмыстары қорғаныс министрлігінің арнайы мамандарының бақылауында. Қауіпке негіз жоқ. Жалған ақпарат таратушылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын назарларыңызға жеткіземіз.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі