Жаз мезгілінде ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты Шымкент қаласында тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында Қаратау ауданында ауаны салқындату және шаң-тозаңды азайту үшін су бүрку жұмыстары ұйымдастырылуда. Аудан әкімдігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұл шара тұрғындарға қолайлы орта жасауға, көшелерді тазалықта ұстауға және экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған.
Арнайы техникалар жол бойлары, тұрғын үйлердің аулалары, демалыс аймақтары мен халық көп жүретін көшелерге су бүркіп, шаңның көтерілуіне жол бермейді. Сонымен қатар, су бүрку жұмыстары қаладағы микроклиматты реттеп, аптап ыстық кезінде ауа температурасын аздап төмендетуге ықпал етеді.
Қаратау ауданы – қаладағы ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі. Мұнда жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, мектептер мен балалар алаңдары салынып, халық саны күн санап артып келеді. Сол себепті экологиялық тұрақтылық пен тазалықты қамтамасыз ету маңызды болып отыр. Су бүрку жұмыстары ауданның көркеюіне, жасыл желектердің сақталуына және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға септігін тигізеді.
Күн сайын арнайы су тасымалдаушы көліктер негізгі көшелер мен магистральдарда, саябақтарда, жаяу жүргіншілер жолақтарында жүйелі жұмыс жүргізіп, шаң-тозаңның таралуын азайтып, қоршаған ортаны ылғалдандырады. Аудан әкімдігі мұндай шаралардың тұрақты түрде жалғасатынын айтып, тұрғындарды да өз үйлері мен айнала ортаны таза ұстауға, жасыл желектерді күтіп-баптауға шақырды.
Жүргізіліп жатқан су бүрку жұмыстары жазғы аптап ыстықта қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай туғызып, шаң-тозаңның азаюына, ауа сапасының жақсаруына оң әсер етеді. Осылайша Қаратау ауданы тұрғындарының демалуына, серуендеуіне және қалалық өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты шаралар жүзеге асырылуда.
Қаратау ауданында ауаны салқындату мақсатында су бүрку жұмыстары жүргізілуде
