Шымкент қаласында тасымалдаушы кәсіпкердің құқығы қорғалды

заңды тұлғаның

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне Шымкент қаласының тасымалдаушысы заңды тұлға Радуга-Транспорт ЖШС-гі тарапынан Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (әрі – қарай Басқарма) іс әрекетіне қатысты кемшіліктерді көрсете отырып, осы кемшіліктерді жіберген қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау және мемлекеттік қызметті ретке келтіру бойынша өтініштер түсті.
Аталған өтініштер бойынша, Департамент тарапынан Басқармаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, төмендегі мән-жайлар анықталған.
Яғни, тасымалдаушы жолаушыларды тасымалдау саласы бойынша субсидия алу үшін қызмет көрсетуші Басқармаға өтініштермен жүгінген.
Тасымалдаушылар өтініштерінде жолаушыларды тасымалдау бойынша жүргізген жұмыстары бойынша 160 млн. теңгеден астам мөлшерінде субсидия тағайындауды сұраған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңына сәйкес, қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартқан жағдайда, қызметті алушыға қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып жауап жіберуге міндетті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығының 9-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер көрсетілген.
Алайда, Басқарма әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асыру мемлекеттік көрсетілетін қызмет талаптарын сақтамай, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқан.
Тексеру нәтижесімен Департамент тарапынан Басқармаға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету барысында кемшіліктерді жіберген қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау және мемлекеттік қызметті ретке келтіру бойынша ұсынымдар берілді.
Осы ретте, Қала тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы Департаменттің басты назарында екендігін жеткізе отырып, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша Департаментке Telegram қосымшасы арқылы (сілтеме: https://t.me/onaykyzmet_shymkent) жүгіне алатынын мәлімдейміз.