Қасымбек Датқа ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі Есбол Дүйсебаевтың сеп болуымен Қысымбек Датқа ауылынан Шымкент-Озеро бағытында бүгіннен бастап екі автобус қатынайтын болды. Айта кетейік, 20 адамға арналған автобус сағат сайын жолаушыларға қызмет етеді.
Ауыл әкімі Е.Дүйсебаев пен ауыл ақсақалдары Шымкент бағытында қатынайтын автобустардың лентасын қиып, жолаушыларға сәт сапар тіледі.
TOO “D.A.A. Group” компаниясының
автобустары жолға шығар алдында міндетті түрде техникалық байқаудан өтеді. Өйткені жолаушылардың амандығы мен жауапкершілігі маңызды. Осыны ескерген басшылар қауіпсіздікті серік етіп, сапалы қызмет етуді жолға қойған.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі