«Қазаққа қорған болған Ханқорған»

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қарабұлақ ауылында орналасқан ауылдық мәдениет үйінде Мәдени — ағарту жобасы аясында «Тарихтан тағылым» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты — Сайрам ауданында NEET санатындағы жастар үлесін төмендету. Төрт жақты бірлескен жоспар негізінде өткізілген бұл кездесуге мектеп және колледж әкімшілігі мен «Қоғамдық келісім» КММ мамандары және жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Кездесуде Ы.Алтынсарин атындағы ЖОМ-ң тарих мұғалімі Мария Смайлова, Ш.Уалиханов атындағы ЖОМ-ң тарих мұғалімі Айгүл Рүстемова, №3 Хамза атындағы ЖОМ-ң тарих мұғалімі Саодат Сайфуллаевналар тарих және өлкетану білімін дамыту бойынша баяндамалар оқыды.

№31 Бәйдібек атындағы жалпы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Мұратов Аян Спандиярұлы: «Ханқорған» қалашығы VIII – XII ғ.ғ. туралы ел аузында аңыз-әңгiмелер көп. Сынған қылыш, жерасты су құбырларының қалдықтары, құмыра, ыдыс-аяқ сынықтары төбе маңынан көптеп кездеседi. Ханқорған — бiр кездерi Абылай ханның ордасы болған, осы қорғанды Жәнiбек хан салдырып, хандық құрған. Абылай ханның, оның ұрпағы Сыздық сұлтанның ордасы болған. Ханқорған мемлекеттік деңгейде толық өз бағасын алса және өз дәуірінің құнды дерегі ретінде Қазақстан тарихы оқулығы беттерінен орын тапса — деп өз пікірін ортаға салды.

Сонымен қатар кездесу барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарға жауаптарын алды.