Қазығұрт ауданында қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес кезекті жиыны өтті. Абылахан Жылқыбаев төрағалық еткен жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беретін тиісті бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
1) Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;
2)Тұрбат ауыл округі әкімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;
3) «Қазығұрт аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №36/163-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазығұрт аудандық мәслихат шешімінің жобасына қорытынды беру ;
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды. Баяндамалардан кейін кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан мәдениет саласына мемлекет тарпынан бөлінетін қаржылар, мәдениет үйлерінің құрылысы,кітапхана, тілдерді дамыту орталығының айлық жалақысын көтеру мәселесі, ауданда өткізіліп жатқан іс шаралар туралы, ауданымыздың атынан шығып жатқан спортшыларға қолдау көрсету, олардың шығындарына қаржы бөлу, Тұрбат ауыл округіндегі су , газ , жол мәселелері төңірегінде сұрақтар қойылып, ауыл әкімі тарапынан тиісті жауаптар алынды.