Полицейлер медицина мамандарымен бірге іс-шара өткізді

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлерімен жол-көлік оқиғасының алдын -алу және болдырмау мақсатында патрульдік полиция тобының қызметкерлері мен Қазығұрт ауданының жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге жүргізушілерге медициналық көмек көрсете отырып, жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Шарада полицейлер жүргізушілерге іс-шараның мақсаты туралы айтып, азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі, белгіленген қозғалыс жылдамдығы, көлік руліне отырар алдында демалу қажеттілігі туралы түсіндірді. Одан бөлек, жүргізуші азаматтарға жолда көлік басқарған кезде жылдамдықты шектен тыс асырмауға, автокөлік жүргізіп бара жатып ұялы телефонмен сөйлеспеуге, жол жиегіне қойылған белгілерді қатаң сақтауға, ішімдік ішіп басқармауға кеңес берді.

Өз кезегінде жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері жүргізуші азаматтарға тыныс алу көрсеткіші мен қан қысымдарын өлшеп, медициналық көмек көрсетті.