Адамзат тарихындағы ең әділетсіз, адам құқығы тапталған және аяусыз мәселе – адам саудасы. Адам саудасына қарсы күрес әлемдік қоғамдастықтың күн тәртібіндегі тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Біздің елімізде де балалар мен әйелдер, тіпті ер азаматтардың өздері де адам саудасының құрбанына айналатын оқиғалар жиі кездесіп жатады.
23.09.2022 жылы Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі МКҚК -ның әлеуметтік педагогы Ж.Куватова Шымкент қаласы Білім басқармасының «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының ұйымдастырумен «Адам саудасы құрбаны болмау үшін не істеу керек» тақырыбында өткен оқыту семинарына қатысып, тәжірибе алмасты. Семинарды өткізген орталықтың мамандары Юсипжанова Шахло, Худайшукурова Раушан.
Семинардың мақсаты: Адам саудасы мен қанаудың басқа да түрлерінің қауіпін азайтатын қауіпсіздік шараларын түсіндіру. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еңбек инспекторлары, денсаулық сақтау және білім беру саласының мамандары және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесе отырып жұмыс жасау.
Бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Осы ретте “Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмаған студенттердің арасында есірткі заттарды қолдану және тарату, алкагольді сусындардың зияны жөнінде, қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында Директордың ТІЖ орынбасары М.Омарова және Шымкент КПД Әл- Фараби АПБ нің полиция майоры Тоғаев Талғат Бақытжанұлының қатысуымен «Жасөспірім және қылмыс» тақырыбында кездесу өтті. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмысқа жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажеттілігі басты назарға алынды.