Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының “Әлеуметтік және жалпы құқықтық пәндер» циклінің оқытушысы полиция подполковнигі М.Темірбекова «Заңгерлік даярлық» пәнінен №4 «ІІО жолын кесетін қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбына дәріс өтті.
Дәріс сабағының мақсаты: қылмыстық құқық бұзушылық ұғымын, түрлері мен құрамын, ІІО-ның жолын кесетін қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау , саралау және ажырата білуге дағдыландыру. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жағдайлар мен себептердi және оны тудырушыларды тосқауылдау – мемлекетiмiздiң құқық қорғау органдарына қоятын негiзгi талаптары. Болашақ IIО қызметкерлерi қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтармен күресті жүзеге асыру барысында туындайтын сұрақтарды сауатты және дәлелдi, әрекеттегі заңдар негізінде шешудi, қылмыстық және әкімшілік заңды қажетті деңгейде меңгеруге мiндетті екендігі аталып өтті.
Сонымен қатар 2022 жылы 31 қазан сағ 16.00 де өзара байланысты дамыту және құқық бұзушылықтармен күрес, өрттың алдын-алу, аталған іс-шаралармен күрес барысында жүргізілетін іс-шаралармен таныстыру мақсатында Қазақстан Республикасы
ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы аумағында бастапқы кәсіби даярлық курсындағы тыңдаушылардың білімін арттыру мақсатында «Төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №5 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы 10 адам және қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Сарыбаев Арманның қатысуымен өрт тактикалық сабақғы өткізілді. Аталған іс-шараға бірқатар техникалар атап айтсақ АЦ-5/40 өрт сөндіру көлігі және арнайы мақсаттағы АСА-20 көлігі таныстырылды, тыңдаушылар тиісті деңгейде тәжірибелік тұрғыдан білім алды.