Ұрлық түбі қорлық

Шымкентте пәтер ұрлығының 15 дерегіне қатысы бар күдікті құрықталды. Абай аудандық полиция басқармасына шілде-қараша айлары аралығында жеке тұрғын үйде тұратын 10-нан астам азамат арызданған. Жергілікті тұрғындар өздері үйде жоқ кезде белгісіз тұлға үйдің терезесі арқылы ішке кіріп бағалы мүліктерін атап айтқанда, ақша мен алтын бұйымдарын жымқырып кеткенін жеткізді. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 30 миллионға жуықтайды.

         Аталған арыздарды полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің «Ұрлық»бойынша тіркеді. Күдіктінің жеке басын анықтау және оны ұстау үшін жедел қызметкерлерге бірнеше ай қажет болды. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары барлық пәтер ұрлығына бір адамның қатысы бар деген күдікпен бұған дейін дәл осындай қылмысы үшін сотты болған жас жігітті анықтады. Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде ұстады.

Полицейлер күдіктіні полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі таңда оның бөтеннің мүлкін ұрлаудың 15 жайтына қатысы бар екендігі дәлелденді. Сотқа дейінгі тергеу барысында ол ұрланған алтын зергерлік бұйымдарды қала базарларына өткізіп, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны анықталды. Сот ер адамды қамауға алуға рұқсат берді.          Тәртіп сақшылары күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.         Пәтерге қатер ұрыдан келетіні әлімсақтан аян. Сұрап құл болғаннан, ұрлап бай болғанды мақұл көретіндердің саны жыл жылыстаған сайын сирегенімен, сазайын тартпай тайраңдап жүргендер әлі күнге дейін иесіз қалған пәтерлерді тонаудан танған емес.Әйткенмен, пәтер тонауды әдетке айналдырған, қолының сұғы бар «сұ­ра­пылдармен» күрес бір сәтке де сая­быр­сыған емес. Ішкі істер минис­трлігі Криминалдық полиция де­пар­та­ментінің аса маңызды істер жө­нін­де­гі аға жедел уәкілі Сағындық Жан­теміров қабылданған тиісті ша­ра­лар­дың негізінде пәтер тонау­шы­лар­дың қарасы уақыт өткен сайын азайып келе жатқанын алға тартады.

         Еліміз бойынша пәтер тонау барлық ұрлықтың 20,5 пайызын құрайды екен. Одан келетін шығын шамалы болса да, мүлік иесіне айтарлықтай материалдық зиян келтіреді. Сондықтан осындай қыл­мыстардың алдын алуға және ашу­ға ішкі істер органдары ерекше көңіл бөледі.