Қала прокуроры Ғабит Мұқановтың төрағалығымен ПД-нің тергеушілер мен анықтаушылардың қатысуында көшпелі шұғыл мәжіліс өткізілді.
Мәжілісте қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында және дәлелдемелердің жеткіліксіздігіне байланысты туындайтын қиындықтармен, олардың шешу жолдарына қатысты мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, тергеу органдарына қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін қылмыс оқиғасының СДТБТ-не тіркелген сәтінен бастап, орын алу себептері мен жол берілу жәйттерін анықтауды тапсырды.
Кездесуді қорытындылай келе қала прокуроры, қылмыстық істер бойынша туындаған мәселелерді шешудің кешенді іс-шараларын ұйымдастырып және тергеу сапасын көтеруді тапсырды.
Шымкент қаласының прокуратурасы