Сіздерді еліміздің әр азаматы үшін айтулы мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтаймын!Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Ендігі жерде рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңдердің барлық қиындықтарын жеңіп, еліміз әлемдік сахнаға көтерілді. Мұндай биіктерді бағындыруда әрбір азаматтың қолтаңбасы бар. Сондықтан бостандық пен еркіндіктің бастауы болған осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ — дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты болсын!
Ізгі ниетпен, Сапархан Омаров Арыс аудандық сотының төрағасы