Құрметті қала тұрғындары!

қала тұрғындары

2026 жылғы 26–29 наурыз аралығында Шымкент қаласы, Абай ауданы аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.

🔹 «Қауіпсіз үй» – әр отбасының тыныштығы мен амандығына бағытталған маңызды бастама.
🔹 Басты ұстанымымыз: қауіпсіз ұя – бақытты өмірдің кепілі.
🔹 Зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
🔹 Бір-бірімізге жанашыр болып, қорғап жүрейік!

Іс-шараға құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы құрылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, еріктілер мен қоғам белсенділері қатысады.

Негізгі мақсаттары:

  • Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
  • Қауіп тобына жататын отбасыларды анықтау және қолдау
  • Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету

Барша азаматтарды заң талаптарын құрметтеуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғам тыныштығын сақтауға шақырамыз!