М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына шақырамыз!

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Кадр саясаты басқармасы және Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері Т. Рысқұлов атындағы 25 мектеп-гимназиясының оқытушылары мен 10-11 сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында елімізде бірегей жоғары оқу орны «М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы» түсу шарттары айтылды. Алған мәліметтерді есте сақтап, дұрыс шешім қабылдау үшін арнайы жаднамалар таратылып, интерактивті тақта арқылы бейнеролик көрсетілді. «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Биік қабатты үйлердегі балалардың қауіпсіздігі», «Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік» тақырыптары да үгіт-насихат барысында қамтылып, қатысушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға септігін тигізді.

Шымкент қаласы ТЖД Кадр саясаты басқармасы