Құқық бұзушылықтың алдын алу

«Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде 13 қыркүйек күні 7-9 сыныптар арасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы полиция тобының инспекторы, полиция майоры Ирисбеков Рахымжан Испандиярович келіп, оқушыларға нашақорлықтың алдын алу, есірткіні тұтыну және таралуының құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Іс-шара барысында полиция инспекторы оқушыларға тәртіпті болуға,адамгершілікті ұстануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Осы орайда мектеп инспекторы Дәріжанов Ержан Рустембекұлы оқушыларға сабақтан тыс уақытта құқықбұзушылықтарға бармай, түнгі сағат 22:00 ден кейін көшеде жүрмеу керектігін айтты. Мөлтекаудан бойынша рейдттік жұмыстар жүргізіліп, тәртіп бұзған оқушыларға тәртіптік шара қолданылатынын ескертті.

Сонымен қатар Р. Мырзашев атындағы №76негізгі орта мектебінің «Өзін-өзі басқару» ұйымының жетекшісі Шекер Сәрсенбекқызы 7-8-9 сынып оқушыларына «Құқықтық және тәртіп» фракция жұмысы бойыншы «Кибербуллинг. Балалар әлеуметтік желіде қауіпсізбе?» тақырыбында бейнеролик көрсетіп, тақырып аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты:

1.Кибербуллинг дегеніміз не? 2.Кибербуллингке тап болған жағдайда кімге жүгіну керек?

3.Кибербуллингтің зиянды тұстарын анықтап, оған тап болған жағдайда,күресу жолдарын оқушыларға түсіндіру.