Президенттік жастар кадр резерві бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Бүгін 15 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Комекбаев және ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Ә.Нысанбаев “ZOOM” платформасы арқылы Шымкент қаласындағы Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне “Президенттік Жастар кадрлық резервіне” кезекті іріктеу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар және іріктеу кезеңдері туралы ақпаратпен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

ҚР МҚІА Шымкент қаласы бойынша департаменті