Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың күнделікті қызметіне цифрлық технологиялар енгізудің арқасында қабылданатын шешімдердің тиімділігі артты, іс-құжаттардың айналымы жеделдетіліп, яғни бюрократиясыздандыруға бағытталған басқа да мәлелелер өз шешімдерін тапты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің ақпараттық-талдамалық әлеуеті және инновациялық жобаларды кеңінен енгізу заңдылықты нығайтуға, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғауға ықпал етеді.
Комитеттің басты мақсаттарының бірі мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды бiртұтас статистикалық қағидаттар мен стандарттардың негiзiнде елдегi заңдылық пен құқық тәртiбiнiң жай-күйi туралы тиiмдi және жеткiлiктi түрде ақпараттық жағынан қамтамасыз ету және мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенi жетiлдiру және дамыту.
Комитетпен 26 статистикалық есеп және 24 арнайы есептер электронды форматта жүргізіледі, сондай-ақ 4 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, оның ішінде соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама, тұлғаның сыбайлас жемқорлық жасағаны туралы мәліметтер және мұрағаттық анықтама алу, сонымен қатар прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызметі.
Қазіргі таңда облысымыздағы қылмыстық қудалау органдарымен Комитеттің «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде қылмыстық істердің 90% электронды форматта тергеу жүргізілуде.
Бұған қоса Комитеттің «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесіндегі «е-Қылмыстық іс» функционалында «е-Сараптама» (сараптаманы онлайн форматта тағайындау), «е-Заң көмегі» (қорғаушыны онлайн форматта тағайындау) қосымшалары құқық қорғау органдарымен тиімді қолдануда.
Сонымен қатар, Комитеттің «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі мен соттардың «Төрелік» ақпараттық жүйесімен интеграция жасалынып, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы толтырылған хаттамалар соттарға электронды форматта жолдануы іске қосылды.
Мемлекет және прокуратура органдары үшін халқымыздың амандығы мен құқықтық жағынан қорғалуын қамтамасыз ету – басты міндеті!
Құрметті отандастар! Қадірменді жерлестер!
Сіздерді 25-қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің іші даудан, сырты жаудан аман болсын! Тәуелсіз еліміз қуатты мемлекет ретінде әлемге танылып, халқымыз ынтымақ-бірлікте жасай берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болсын!
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша
департаментінің бастығы А.О. Сапарғалиев