Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттен 4 бағыт бойынша қолдау көрсетіледі. Бұл жұмыстарға 2022 жылға 15,6 млрд. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 12 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,6 млрд. теңге.«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биылғы жылға 9,3 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 1 515 жобаға 1 466,3 млн. теңгеге қолдау көрсетілді«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде осы жылға 3,9 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 74 жобаға 1 062,1 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 1 500,0 млн. теңге бөлінген. Аталған бағдарлама бойынша 143 жобаға қолдау көрсету жоспарлануда. 2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 674,5 млн. теңгеге 65 жоба шағын несиелер берілді.«Іскер қала» іс-шара жоспары аясында биылғы жылға «Даму» қорымен бірлесіп жалпы 944 млн. теңге бөлінген. Іс-шара аясында 113,7 млн. теңгеге 12 жоба қаржыландырылды.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі