Жастармен кездесу өтті

Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Жемқорлық жегі құрт. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің стратегиялық даму басымдықтарының бірі болып табылатыны баршаға мәлім. Көптеген дамушы елдерде, соның ішінде Қазақстанда да сыбайлас жемқорлық барлық салаларда таралған, сол арқылы экономиканың дамуына теріс әсер етеді. Шымкент-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі» МҚКҚ жастарымен кездесу өтті.

Жастармен кездесуде спикер  Гүлбақыт Сейсенбекқызы Дулатова — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы айтты.

Кездесу барысында қоғамда жемқорлыққа төзімсіздік мәдениетін және білім мен тәрбиенің барлық деңгейінде жемқорлыққа қарсы дағды моделін қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, құқықтық сауаттандыруды арттыру, өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге жас буынның рухани болмысын бекітіп , сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қызметкерлерге студенттер тарапынан пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі айтылды.