Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Ұлттық киім күніне орай Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қызметкерлері бүгінгі жұмыс күнін қазақи нақышталған ұлттық киіммен өткізді.
Бұл бастама алдағы уақытта ұлттық нақыштағы киімдерді тек сахналық немесе мерекелік емес, күнделікті киетін киімге айналдырып, қалыптастыру мақсатында жасалуда.
Айта кету керек, Республикалық Наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңберінде, Шымкентте 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні тойланды.