Ордабасыда ұлттық киім күніне орай экскурсия өтті

ұлттық киім күніне орай экскурсия өтті

Ордабасы ауданында Наурызнаманың бесінші күні — Ұлттық киім күніне орай тарихи, мәдени және киелі орындарға экскурсия жасалды. Осы орайда аудан тұрғындары ұлттық нақышта киім киіп, Ордабасы тауына барды. Экскурсия өңірдің рухани-мәдени құндылықтарымен таныстыру мақсатында өтті.

Айта кетсек, елімізде биыл Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасы қабылданған болатын. Наурыз мейрамының мән-мағынасы мен мазмұнын байыту үшін жыл сайын 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі жарияланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі