Арыс қаласының Қоғамдық кеңесінің жанынан құрылған Әлеуметтік даму және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті. Алмаханбет Нұрмаханбетұлының төрағалығымен өткен жиынға Әлеуметтік даму және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап айтсақ, Ауылдық округтерде тұратын тұрғындардың әлеуметтік жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік жәрдемақыларды тұрғындарға хабарлау барысы және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар туралы атқарылған жұмыстар туралы, Ақдала ауылдық округінің әкімі Тоқберген Байекеев және Дермене ауылдық округінің әкімі Жұман Кадиев баяндама жасады.
Жиын барысында Әлеуметтік даму және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері тарапынан баяндамашыларға әлеуметтік, денсаулық салалары бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Жиынды қорытындылай келе, Әлеуметтік даму және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Алмаханбет Нұрмаханбетұлы ауыл әкімдеріне әлеуметтік даму жұмыстарын жандандыру керектігін атап өтіп, жиналысқа қатысушылардың қызметтеріне сәттілік тіледі.