Өмірі өнермен өрнектелген ұстаз

Бүкіл саналы ғұмырын ұстаздыққа арнап, шәкірттеріне жан шуағы мен жүрек жылуын төгіп жүретін жандар болады. Солардың бірі де бірегейі Райхан Мұртазақызы Каланова.

Бүгінде 68 жасқа толып отырған ардақты жан еңбек жолын сонау 1975 жылы «Айгөлек» хореографиялық балалар ансамблінің жетекшісі ретінде бастаған. Содан бері 48 жыл бойы осы ансамблде үздіксіз еңбек етіп келеді.

Р.М. Каланованың жетекшілігімен ансамбль Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Түркияда, Кипрде, Болгарияда, Испанияда, Италияда, Германияда, Украинада өткен халықаралық фестивальдердің қатысушысы және лауреаты атанды.

Ансамбль жыл сайын режиссерлік топтың шақыруымен Астана, Алматы қалаларында өткізілетін республикалық мерекелік бағдарламаларда өнер көрсетеді.

Р.Каланова негізгі жұмысынан басқа қоғамдық қызметпен де айналысты. Мәселен, 1981-1984 жылдары — оқушылар сарайындағы комсомол ұйымының хатшысы болса, 1989-1994 жылдары — Шымкент қалалық Кеңесінің депутаты атанды. Ал, 2002 жылы Астана қаласында өткен Республикалық әйелдер форумының делегаты болды.

Райхан Мұртазайқызының жетекшілігімен «Айгөлек» ансамблі бірнеше рет бүкілодақтық пионерлер слеті мен «Артек» фестиваліне қатысып, қазақ мәдениетін әлемге таныстырды.

Р.М.Каланова «Айгөлек» халықтық балалар ансамблінің жетекшісі ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Республикалық ауқымдағы қазақ өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін Р.Каланова «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Жылдың үздік хореографы» дипломымен, «Астана» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен,

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» марапатталған.

Р.Каланованың жетекшілігімен ансамбль жыл сайын халықаралық фестиваль-конкурстарға қатысады және дипломант, лауреат атанып жүр.

Көпке ұзамай-ақ «Айгөлек» ансамблінің соңғы 10 жылдағы жетістіктерін айтар болсақ, 2013 жылы — Солтүстік Ирландия мен Ұлыбританиядағы, 2014 жылы — Польшадағы, 2015 жылы Финляндиядағы халықаралық фестивалдердің лауреаты атанған. Оған қоса, 2016 жылы Испаниядағы «Мusica del mar»-«Теңіз музыкасы» халықаралық фестиваль-байқауында, 2017 жылы Минск қаласындағы «Зорная кветки» халықаралық байқауында және

2022 жылы Түркияның Кемер қаласындағы «Күн үйі» халықаралық байқауында, ал, биыл Италиядағы «Парадиз Холидей» халықаралық байқауында және Литвада өткен «Паланга-2023» халықаралық байқауында Гран-при иегері атанды.

«Айгөлек» ансамблі мұнан өзге де көптеген фестивалдер мен байқауларда жеңімпаз және жүлдегер атанып жүр.

Осынау жетістіктердің барлығы Райхан Мұртазақызының жарты ғасырға жуық уақыттан бері жалғасып келе жатқан тынымсыз ізденісі мен табанды еңбегінің жемісі екені сөзсіз.

Қазақ өнерінің дамуына зор үлес қосып жүрген ұлағатты ұстазды 5 қазан — Мұғалімдер күні мерекесімен құттықтаймыз.