Бұзушылықтарды алдын-алу жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы арасында түзілген өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында құрылған жұмысшы топ мүшелерімен Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау, Цифрландыру, Құрылыс, Туризм және сыртқы байланыстар басқармаларының басшылығы мен қызметшілеріне түсіндірме семинарлары өткізілді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама және қызметтік әдеп нормалары бойынша түсіндірмелер берілді.

Осы ретте, Департамент өкілі Д.Жанысбек, Әдеп жөніндегі уәкіл М.Акишев және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының өкілі Ғ.Шарипов мемлекеттік органдарда қашықтықтан және аралас режимді, жұмыстың икемді кестесін енгізу бойынша жұмысты жүзеге асыру сұрақтарына, сондай-ақ еңбек заңнамасын қатаң сақтау, оның ішінде үстеме жұмысқа негізсіз тартуға жол бермеу мәселелеріне ерекше тоқталып өтті.

Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға мемлекеттік қызметшілер өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға тиіс екендігі түсіндіріліп, тәжірибеде жол берілетін бұзушылықтар бойынша нақты мысалдар келтіру арқылы бұзушылықтарды алдын-алуға бағытталған сапалы шараларды қабылдау қажеттігі атап өтілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті