Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық пен қылмыстылық мәселесі әрқашанда, қандай қиын қыстау заман болмасын кез келген халықты алаңдататын мәселе. Оның себебі бүгінгі жасөспірімдер елдің, ұлттың ертеңгі болашағы болып табылатындығында. Құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу олардың негізгі көрсеткіштеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Алайда, басты шара – өтпелі кезеңдерді бастан кешіп жатқан қоғамды, мемлекеттік экономика әлі сақталып тұрған тұста, жекеменшік институттары әлі қалыптасып біте қоймаған кезде, мемлекетіміздің қызметінің орасан зор маңызға ие болатындығы мемлекет тарапынан қалыптасқан шаралардың бәрінің мәні де, ықпалы да қоғамдағы тәртіп бұзушылық пен қылмыстың әуелі алдын алуға бағытталған. Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық істер дәл қазіргі таңда белең алуда.
Кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім ошақтарында түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылып отырады. Осындай профилактикалық іс-шара Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты, N55 жалпы орта білім беретін мектебінде, Шымкент ҚПД Әл — Фараби полиция бөлімі, тергеу бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Мырзан Бекжан Султанбекұлы және Абай полиция бөлімінің ювиналдық полиция инспекторы, полиция капитаны Пашаев С.С қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктері» атты тақырыпта жоғары сыныптармен жиналыс өткізді. Жиналыста ҚР. Қылмыстық кодекстің және әкімшілік құқық бұзушылық баптары айтылды және көптеген бірнеше мәселе қаралды:
1) Мемлекет басшысы балаларға ерекше назар аудара отырып, өскелең ұрпаққа жол ашу үшін 2022 жылды «Балалар жылы» деп жарияланды.
2) Қылмыс ұғымын және қай қылмыстың жауапкершілік жас ерекшеліктеріне тоқталды
3) Қылмыстық кодекстің жекелеген баптарына тоқталды.
4) Кәмелетке толмағандарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтары болған жағдайда қандай әрекеттер жасалады.
Баяндама оқылып, балаларға өмірде болған мысалдар арқылы жеткізіп, осы келеңсіз оқиғалардың кесірінен қандай жағдайға алып баратынын түсіндірді. Шәкірттерімізге мектепті ойдағыдай бітіріп, жоғары білім алып, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатын азаматтар болуына тілектеспіз.