Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері «Қауіпсіз жаз» акциясын ұйымдастырды.

ТЖ қызметкерлері акция кезінде шомылуға тыйым салынған жерлерге басты назар аударды. Мобильді топтар суға шомылу үшін жабдықталмаған орындарды аралап, елді мекендер тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, жадынамалар табыстады.Акцияға полиция департаментінің өкілдері, » Лидер.кз» еріктілері, жедел-құтқару жасағының, өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері мен құтқарушылары, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығы филиалының мамандары қатысты. Қала аумағында шомылуға тыйым салынған 13 учаске анықталды. Шомылу маусымында Департаменттің 55 құтқарушысы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Әуезхан СерікШымкент қ.ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері