Адам саудасын алдын алу

Адамзат тарихындағы ең әділетсіз, адам құқығы тапталған, аяусыз мәселе – адам саудасы. Адам саудасына қарсы күрес әлемдік қоғамдастықтың күн тәртібіндегі тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Біздің елімізде де  балалар мен әйелдер, тіпті  ер азаматтардың өздері де адам саудасының құрбанына айналатын оқиғалар жиі кездесіп жатады.

Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің білім алушылары А.С.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында «G-38» Жастар Көшбасшыларының қоры» ұйымдастыруымен «Адам саудасы және оның алдын алу» тақырыбында семинар-тренингке қатысты.

Семинар-тренинг мақсаты — адам саудасының алдын алу, аталған қылмысқа қарсы күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Адам саудасы мәселесі қазіргі өркениетті қоғамда да әлемнің басты проблемаларының бірі. Бейресми деректерге сәйкес әлемдегі үшінші ірі заңсыз бизнес түріне адам саудасы жатады. Болжам бойынша оның жылдық тауар айналымы 10-15 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұл болжам ғана. Өйткені нақты мәліметке қол жеткізу әзірге мүмкін емес. БҰҰ мәліметінше жаһандық адам саудасының көпшілігі Балқан түбегінде, ТМД елдерінде, Оңтүстік Америка құрлығында, Орталық Еуропада, Африкада, Шығыс Азияда орын алады екен.Ал әлемдегі адам саудасы құрбандарының 70 пайыздан астамын нәзік жандылар, яғни әйелдер мен қыздар құрайды. Ал жалпы құрбандардың үштен бірі балаларға қатысты екен.

Семинар-тренинг М.Әуезов атындағы ОҚУ Заң факультеті Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, Ph.D доктор-Бекбосынов Ермек Төленұлының қатысуымен өтті. Сонымен қатар мемлекеттік мекеме өкілдері, зиялы қауым өкілдері, саясаттанушылар, азаматтық қоғам өкілдері, әлеуметтік желі белсенділері және жоғары оқу орындарының жастары да қатысты.

Ntime.kz