Азаматтарға және мемлекеттік қызметшілерге құқықтық көмек беру акциясы өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласының әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласының әкімі аппараты, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары, халықты жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметшілерінің қатысуында азаматтарға және мемлекеттік қызметшілерге құқықтық көмек беру акциясы өткізілді.

Акция барысында жүгінген әрбір азаматпен жеке қабылдаулар өткізіліп, оларға мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар, Департаменттің құзыреті мен функциялары, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіру тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, құқықтық көмек беру барысында Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е.Жұмабаевпен, Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы М.Алиевпен, Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А.Қансейітовамен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Альжановамен және Шымкент қаласының әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишевпен азаматтарға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама, қызметтік әдеп нормалары, мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша, сондай-ақ тәжірибеде мемлекеттік қызметшілер тарапынан жиі жол берілетін бұзушылықтар және мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне түсетін шағымдар мен оларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптары бойынша қарау тәртібі бойынша кеңінен түсіндірмелер берілді.

Осы ретте, өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында құрылған жұмысшы топ мүшелері жүгінген мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік органдарда қашықтықтан және аралас режимді, жұмыстың икемді кестесін енгізу бойынша жұмысты жүзеге асыру сұрақтарына, сондай-ақ үстеме жұмысқа негізсіз тартуға жол бермеу мәселелеріне ерекше тоқталып өтті.

Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеруге бағытталған акцияға мемлекеттік қызметшілермен қоса жоғары оқу орындары студенттерінің және азаматтардың қызығушылығының жоғары болғанын атап өту қажет. Бұл ретте, атқарылған шаралар өз жалғасын табатын болады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті