Суды шығару жұмыстары жүргізілді

Алдын ала жарияланған дауыл туралы ескертуге сәйкес, 2023 жылдың 16-17 ақпанында қала аумағында қатты жаңбыр түрінде жауын-шашын орын алды.

ТЖ алдын алу мақсатында Департаментте жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды.

Келіп түскен хабарламалар бойынша қала аумағында суды шығару жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар Қазығұрт шағын ауданында Бөгенбай көшесі бойында, Темірлан тас жолының бойында орналасқан «Закир» дүкенінің жанында жүргізілді.

Нұртас шағынауданында аула су басуына жол бермеу мақсатында инертті материалы бар дайындалған қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілді.

Суды шығару қалалық коммуналдық қызметтермен бірлесіп жүргізілді, онда 87 бірлік техника, 65 мотопомпа, жеке құрамның 173 адамы жұмылдырылды. Жалпы 2508 текше метр су шығарылды, 800 қап инертті материал төселді. Үйлерді су басу фактілеріне жол берілмеді.

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы