Азаматтардың мәселелері мұқият тыңдалды

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтардың дені жеке мәселелері бойынша жүгінді. Енді бірі жол бойына белгі орнату проблемасын көтерді. Бұл мәселе бойынша Теспе ауылында облыстық маңызы бар КХ-37 жасанды жол тосқауылдары мен тиісті жол белгілерін орнату бойынша Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс хат жолданды. Сонымен қатар, бір жеке қабылдау онлайн форматта өтті.

Жалпы күні бүгінге дейін А.Сәбитов 16 қабылдау өткізіп, онда 92 азаматпен кездесіп олардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Қазір 27 мәселе орындалып, 36 заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Ал 22 орындалу үстінде болса, 6-ың мерзімі бар.

Тұрғындардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған аудан басшысы олардың тарапынан айтылған мәселелердiң заңдылығына сәйкес, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi жұмыстар жүргізілетіндігін мәлімдеді. Кездесуден соң А.Сәбитов тұрғындар мәселесіне қатысты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі