Жолдауды қолдау мақсатында дөңгелек үстел өтті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары»атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында «Адам құқықтарының сақталуы және бостандықтарының бұзылуының алдын алу дағы іс -шараларды ҮЕҰ-мен және қоғам белсенділерімен бірлесіп атқару» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары А. Өсербаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Н. Қожабекова, Сайрам ауданы прокурорының орынбасары Е. Тұрсынбаев, аудандағы ҮЕҰ мен қоғам белсенділері қатысты.

Аталған жиынды «Заңғар-Медет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Л. Дарханбаева жүргізіп отырды. Аудан әкімінің орынбасары А. Өсербаев Жолдауда айтылған «Адам құқықтарының сақталуы» жөнінде өз ойын айтып «Адам құқығы -ең қымбат қазына» екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, адам құқығын қорғауда құқық қорғау органдарына, сот төрелігіне, прокуратураға артылатын жауапкершілік пен адамдардың оларға сенім артуы маңызды роль атқаратынын жеткізді.

Бұдан соң сөз алған Сайрам ауданы прокурорының орынбасары Е. Тұрсынбаев құқықтық тақырыбында кеңес берді. Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.