ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында тиісті іс шаралар жүргізеді.
Шымкент қаласының тұрғыны Департаменттен көмек сұрап өтінішпен жүгінген. Өтінішінде, қызмет алушыға «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінен негізсіз бас тартқанын көрсетіп, тиісті шара қолдануын сұраған.
Аталған өтінішке сәйкес, Департамент тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп, өтініште көрсетілген мән жайлар өз дәлелін табуына байланысты бұзушылыққа жол берген тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Нәтижесінде, қызмет алушының өтініші бойынша тиісті органдардан қолайлы акт шығаруға келісімдер алынып, оның құқықтары қалпына келтірілді.
Департамент мемлекеттік қызмет көрсетуде әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ете отырып, азаматтардың игілігі үшін жұмысын жалғастыруда