Арыста әлеуметтік нысандар қатары көбейе түсті. Өткен жылы қала әкімі Гүлжан Мамытқызының тапсырмасына сәйкес, қала және ауылдық округтерді абаттандыру, балалардың ойын алаңшасын орнату мен спорт алаңын жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілді.Бұқаралық спортты дамыта отырып, саламатты өмір салтын қалыптастыру ісін жүзеге асыру мақсатында қала және елді мекендерде орналасқан 10 балалар ойын алаңшасы мен футбол алаңшасы ағымдағы жөндеуден өтті.Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 252 048,0 теңге бөлініп, қала және елді мекендерде жаңадан 48 балалар ойын алаңшасы мен «стрит-воркаут» жаттығу алаңдары салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 16 балалар ойын алаңшасы, 16 көшеде тренажер алаңшасы, 12 футбол алаңшасы бар. Заманауи құрылғылармен жабдықталған алаңшаларда жаттығамын деушілерге барлық жағдай жасалған.Айта кетейік, Street workout алаңдары қарапайым тұрғындардың спортпен шұғылдануына зор мүмкіндік береді. Ол көшедегі спорттық мәдениетті дамытуда ең танымал бағыттардың бірі. Бүгінде жаңашыл сипаттағы бұл үрдіс Қазақстан ҰОК (Ұлттық олимпиадалық комитет) жобасының арқасында қолжетімді спорт түріне айналды. Онда 30 түрлі жаттығуға арналған спорттық құрылғылар мен балалардың ойын және футбол алаңшалары бар.⠀
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі