Қоғамдық орында ұсақ бұзақылық жасаған азаматқа айыппұл салынды

Арыс аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен азамат Ә.-ке қатысты әкімшілік іс қаралды.55 жастағы құқық бұзушы 2022 жылдың 23 қаңтар сағат 14:00 шамасында Арыс қаласы Привокзальная көшесі бойында орналасқан «Алтын бұлақ» моншасында азамат Ұ.-ға былапыт сөйлеп, қоғамдық орында ұсақ бұзақылық жасаған. Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, өзінің теріс әрекетін денсаулығының нашарлап кетуімен байланыстырды. Алдағы уақытта қайталанбайтынын, шын өкінетіндігін білдірді. Өз кезегінде жәбірленуші құқық бұзушыға кешірім бергенін атап көрсетті.Сот құқық бұзушының кінәлі деп танып, оған 10 721 теңге әкімшілік айыппұл салынды.Сот қаулысы күшіне енген жоқ.

Арыс аудандық соты