Қадірлі қазақстандықтар,
Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!

Баршаңызды көктемнің хабаршысы, біз үшін бірлік пен татулық нышаны іспетті Әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жер-Ананың бусанып, бәйшешектің бүр жарып, жан дүниенің жаңғырған көктемгі күн мен түннің теңелуін ата-бабаларымыз шаттықтың, молшылықтың, бірліктің мерекесі ретінде Ұлыстың ұлы күні деп атаған. Наурыз барша қазақстандықтар үшін – жаңару мен жасампаздықтың мерекесі. Көктем шуағына ілесіп жаңа жыл келеді, жаңа бастамаларға жол ашылады. Наурыз – шын мәнінде, бүкілхалықтық мереке, адами қасиеттер мен игі дәстүрді жас ұрпақтың бойына дарытуға кең өріс ашады. Көрікті де мазмұнды мейрам әр шаңыраққа береке әкелсін, әрбір адамның жүрегіне шабыт нұрын құйып, болашақ жолында жаңа істерге жігерлендірсін. Баршаңызға мықты денсаулық, сарқылмас бақ-береке, тек қана жақсылық тілеймін!

Сапархан Умаров
Арыс аудандық сотының төрағасы