Шымкент қаласы аумағына қарасты бірқатар елді мекендерін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында абоненттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда, «ОңтүстікЖарықТранзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Асар-2 елді мекеніндегі жекеменшік желілерді ажыратып, мемлекеттік электр желілеріне қосу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде 60 отбасы жекеменшік трансформаторлардың әлсіз қуатымен берілетін жарықтың орнына сапалы электр қуатын тұтынып отыр. Қалған үйлерді тұрғындардың өз құжаттарын тапсыруына байланысты рет-ретімен жүргізілетін болады. Сондай-ақ, Асар-2 елді мекенінің тұрғындары электр қуатының 1 КвТ үшін 27-30 теңге төлеп келген болса, ендігіде тариф құны 16 теңгеге төмендейтін болады.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы