Балалар – біздің болашағымыз

Балалар – біздің болашағымыз

«Балалар – біздің болашағымыз». Осындай атаумен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті  «Наурыз» алаңында атты іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында балалар Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен мүдделі мемлекеттік органдардың күш құралдарымен танысып, мамандардың жұмысын көрді. Ата-аналар мен балаларға төтенше жағдайларда қажетті алғашқы қадамдар түсіндірілді.

Сондай-ақ, өрт сөндіру және судағы қауіпсіздікке қатысты сурет салудан конкурс өтті. Бала бойындағы шығармашылық қасиетті дамытудың бірден-бір жолы сурет өнері екені даусыз. Олар көрген дүниені дәл солай қағазға бейнелейді. Түрлі тақырыптарда қаламмен суретті сөйлеткен балаларға, бұл жолы ерекше тапсырма берілді. Төтенше жағдайларға қатысты оқиғалар мен техникаларды бейнелеп салу қатысушыларға ойлы әрі қызықты болды. Үздік сурет авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жиын соңында жасөспірімдер арасында эстафета ұйымдастырылды. Топтық жұмысқа баулитын сайыста қатысушылар тапсырманы белгіленген мерзімде және сапалы түрде орындады. Ал бүлдіршіндер арасында «Кім тапқыр?» сұрақ-жауап ойыны өткізілді.
Балалардың бір сәттік қуанышы өміріне азық болатын ең жақсы қадамдардың бірі болуы мүмкін. Бұл мереке көңілді әрі шығармашылық қабілетті жандандыруға бағытталған жиындарға толы болды. Бұл сала  – әлемдегі ең күрделі мамандықтардың бірі. Жылжымалы сатыға көтерілуді, газқағарды қолдануды, қалың түтінде қозғалуды, жүгіруді, секіруді, ауыр заттарды көтеруді үйрену керек, бірақ ең қиын нәрсе – ол әр сәтте біреудің өмірін сақтап қалу үшін өз өмірін қатерге тігуге дайын болу. Нағыз өрт сөндіруші шаршаудың не екенін білмейді, «мүмкін емес» деген сөзді білмейді. Кез-келген уақытта, кез-келген ауа-райында, ыстықта және қатты аязда, кез-келген жағдайда көңіл-күйіне қарамастан ол отқа да, суға да тәуекел етуге дайын. Көбінесе өрт сөндірушілер қайғылы оқиға орнына бірінші болып жетіп, адамдарға барынша көмектесуге тырысады.

Шара барысында балаларға  кез келген өрт – қорқынышты көрініс екені түсіндірілді. Өрттің қармағына түскен қарапайым адамдардың көпшілігі жабырқап қозғалмай қалады немесе керісінше, олар бір нәрселерді өз бетінен белсене қозғалып, онсыз да қиын жағдайды ушықтырып алуы мүмкін. Бірінші және екінші жағдайда, егер өрт сөндіруші мамандары көмекке келмесе, адамдар өлімге душар болады. Өртте өрт сөндірушілер бірден адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін барлық мүмкіндікті жасайды, сондай-ақ түтікқұбырларын ашып, өртті сөндіруге кірісетіні айтылды.