Мемлекеттік грант кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашты

Елімізде кәсіпкерлікпен айналысу жақсы дамып келеді. Кәсіпкерлікті қолдауда бүгін мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар мен жеңілдіктер бар. Кәсібін бастймын деген жастарға да 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жобасы қарастырылған.

Қазіргі уақытта еліміздің әрбір азаматы, жастар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көтеріп отырған бастамаларына қолдау көрсетіп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Тіпті, елдің болашағына сенім білдіріп, айқын мақсаттар қоя білуде. Сондай-ақ, әлеуметтік өркениетті қоғам қалыптастыруға нақты шешімдер қабылдап, кәсіптерін дөңгелетіп, сөзден іске көшкен.

Солардың бірі Шымкенттік жас кәсіпкер Әсем Поштаева. Ол 2022 жылы “Бизнес бастау” арқылы грант иегері атанып, өз жеке ісін өркендетіп отыр.

Әсем — кептірілген жемістенден жидек дайындап, бүгінде қаламыздағы бірнеше орындарынан тұрақты тапсырыс алып отыр.

-Әр салада жұмыс жасап, тәжірибе жинақтадым. Бар ынта жігерімді салып, өзім қызыққан кәсібімді бастауға ниет еттім. Нәтижесінде мемлекеттік грантты ұтып, бір күнде жас кәсіпкер атанып шықтым, — деді Әсем

Сондай-ақ жас кәсіпкер ағаш ұстасы Асан Нұрислам. Ол 2021 жылы Ә.Қастеев атындағы өнер коледжінің «Көркемдеу және өңдеу» мамандығы бойынша білім алған. Бүгінде мемлекеттен қайтарымсыз грантты жеңіп алып, жеке кәсіп саласында өз ісін бастап кеткен.

— Ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан ағаштан жасалған бұйымдарды елімізде әрмен қарай дамытқым келеді . Ел мен жерге аз да болса өз үлесімді қосып, қоғамда кішігірім болсын орнымды қалдырсам деген мақсатым бар, — деді жас кәсіпкер балалық арманымен бөлісіп.

Бизнес-идеяларын жүзеге асырып, кәсіп бастаймын деген шымкенттіктер 11 қыркүйектен бастап қайтарымсыз  грант алуға өтініш бере алады.