«ҚР Кәсіподақтар Федерациясы РКБ» активтерін басқару бойынша дирекцияның «Южказпрофсервис» ЖШС директоры Қаппар Есенов #Баламенбірге челленжін жалғастырды. «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму Институты бастаған ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін насихаттауға арналған челлендж Шымкент қаласының кәсіподақтары тарапынан қолдау табуда.Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, ұлттың жалғасы. Тәрбиенің өзегі – бала бойына адамгершілік пен рухани құндылықты сіңіру. Балдан тәтті перзентімізді салиқалы ұрпақ етіп тәрбиелеу бәріміздің міндетіміз! Балаларымызға амандық тілейміз! Болашағы жарқын болсын!
Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы