Шымкент қаласының тұрғындарына арналған «электрондық үкімет» порталын пайдалануға оқыту семинарлары тұрақты жүргізілуде

Цифрлық сауаттылықты арттыруды жандандыру аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы және Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші аудандық әкімшіліктерімен бірлесіп, бекітілген кестеге сәйкес Шымкент қаласының тұрғындарына арналған Egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы, Egov мобайл және Telegram бот арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу жолдары бойынша оқыту жұмыстары кеңінен ұйымдастырылуда.

Басты мақсат — халықтың цифрлы сауаттылығын арттырып, өз бетінше мемлекеттік қызметтерді алуға үйрету және цифрлық дағдыларды кеңінен насихаттау.

Аталған іс-шара бекітілген жоспарға сәйкес (қосымша тіркелді) ағымдағы жылдың соңына дейін өткізілетін болады.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс нөмірлері: 53-63-29, +7 701 749 4803.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті