«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұжымы донор болды

Бүгін, 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Атаулы күн бүкіл әлемдегі халықтың назарын халықаралық қауымдастық алдында тұрған қоғамдық денсаулық сақтау мәселелеріне аудару мақсатында аталып өтеді. Кәсіподақ жұмысшылардың денсаулығын жақсарту үшін үнемі жұмыс жасайды. Жыл сайын тегін медициналық тексеру жүргізіледі, кәсіподақ мүшелеріне шипажайларға ақысыз оңалту курсына жолдамалар беріліп отырады.Денсаулық — кез келген адам үшін басты құндылық, баға жетпес жалғыз ғана асыл дүние. Әр адам өз денсаулығын жастайынан сақтап күтуі тиіс, дені сау адам салауатты халықтың айнасы іспетті. Қазіргі таңда елімізде түрлі жарақаттар мен күрделі операциялар кезінде қан жетіспеушілігі сезіледі, яғни мыңдаған адам қанға мұқтаж екені мәлім. Осы орайда, атаулы күні «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұжымы донор болу арқылы қанға зәру науқастарға көмек беруді ұйғарып, ерікті түрде қан тапсырды. Жұмыс күнін игі істен бастаған ұжым дәрігерлердің тексерісінен өтіп , сауапты іске ұйытқы болды.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы