Бірлік – ынтымағы мен берекесін тең ұстаған Қазақ елі үшін ең қастерлі ұғым, сан ғасырлардан мирас болып келе жатқан дана халқымыздың асыл қасиеті. Бабаларымыз ынтымақ пен татулықты, ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік мақсат етіп қойған. Халқымызда «Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ” деп бекер айтылмаған. Өйткені татулықсыз, бірлік-берекесіз, ынтымақсыз ештеңенің де өнбесі анық. Еткен еңбектің де жемісі бекер болмақ. Ауызбірлігі жарасқан елді ешқандай қиындық қыспағына ала алмайды. Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігін сақтау. Татулықта ғұмыр кешіп, соғыс отын тұтатпай, бейбітшілік үшін күресу қазіргі уақыттың ең өзекті мәселесі болып табылады.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Сондықтан бірлік пен этносаралық қатынасты сақтау маңызды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының 33 сесиясы мен Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында айтылған тұжырымдар мен берілген тапсырмалардың барысы және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар елімізде жалғасын тауып келеді.
Сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлтық бірлікті нығайту жолында сарапшылардың жұмыстары мен алдағы жоспарлары Сайрам ауданында да жалғасуда.
– Қазір еліміздегі этностарды ұйыстырып отырған Ассамблея отаншылдықты дәріптейтін институт ретінде дамып келеді. Былтыр Ақсақалдар кеңесі мен этномедиация институты құрылды.
Бұл бағыттағы жұмыстарға Президентіміздің өзі оң баға беріп, одан әрі жандандыруды тапсырды. Қазір елімізде этносаралық алауыздықтың алдын алу жұмыстары тиімді жүріп жатыр. Ассамблеяның басты миссиясы барлық этностарды қазақ халқының қасына ұйыстырып, бір шаңырақ астына жинау. Қазақстан – бейбітшілікті ту еткен, 100-ден астам этнос өкілін бауырына басқан киелі мекен. Біз демократияға ден қойған құқықтық елміз. Бұл ретте еліміз 100-ден аса халықаралық конвенцияға, келісімге, декларацияға қол қойған. Яғни, қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе, азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, я болмаса кемсітуге мүлде жол бермейтін орта қалыптастыру маңызды.
Толеранттылық қағидасын ұстанып, біртұтастыққа сына қағушыларға иммунитет қалыптастыруымыз керек. Әрине бұл тұста Ассамблеяға артылар жүк ауыр. Сондықтан бұл институтты жан-жақты жаңғырту жұмыстары жалғаса бермек, Мемлекет басшысы айқындап берген жалпыға ортақ құндылықтарды халық арасында кеңінен насихатталып жатыр. «Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар.