Астанада Полина Ханымның «Qazaq Bossa Nova» атты жаңа музыкалық жобасының тұсаукесері өтті. Оған әлемге әйгілі «Garota de Ipanema» («Girl from Ipanema»), Insensatez и «Corcovado» композициялары кірді. Әндер алғаш рет қазақ тіліне аударылып, орындалды.
Полина Ханым қазақстандық және шетелдік көрермендерді керемет музыкалық эксперименттермен бағындырғанына көп болған. Қазақстандағы Франция, Бразилия, Португалия және БАӘ-нің елшіліктерімен ынтымақтастыққа негізделген мәдени жобалар әртістің шығармашылығының ажырамас бөлігіне айналып, оған әртүрлі халықтардың музыкалық ырғағын сезіне алатын ерекше орындаушы ретінде даңқты болды. Полина Ханымның жаңа жұмысы – егер қазіргі уақытта әйгілі босса нова Қазақстанда шықса, ол қалай дыбысталу керектігін батыл елестету. Композициялар күтпеген үйлесімділікке, сезімтал вокалға және ритмды соққыға толы.
«Бұл сингл — менің бразилиялық босса нова мен қазақ тіліне деген сүйіспеншілігімнің нәтижесі. Синглмен жұмысым соңғы 10 жылда жүргізілді. Мен боссо нованың алғаш естігенімнен және «Девушку с Ипанемы» сомдағанымнан бері осыншама уақыт өтті. Мәтіндерді португал тілінен қазақ тіліне поэтикалық аудармасымен аударған белгілі ақын-аудармашы Наргиз Макраева. Шығарылымның мұқабасын бразилиялық суретші Роджерио Педро салған», — деді Полина Ханым.
Джаз стандарттарын шет тілдеріне аудару ‒ әлемге әйгілі тәжірибе. Мысалы, «Девушка с Ипанемы» әлемнің көптеген тілдеріне аударылған: ағылшын, испан, португал, итальян, француз. Бұл ән Yesterday The Beatles-пен қатар әлемдегі ең көп орындалатын әндердің бірі болып саналады. Соған қарамастан, әлі күнге дейін босса нованы қазақ тіліне аударған ешкім жоқ.
«Менің жұмысымның басты міндеті – әуеннің, мәтіннің және мағынаның органикалық одағын сақтау болды. Мен бұл әндерді әртіске ән айтуға ыңғайлы етіп және де тыңдаушыларға қазақ тілінде әдемі орындалып, естілетіндей аударып, әндерді одан да қымбат және жақынырақ етуге тырыстым. Менің ойымша, қолымнан келген сыңайлы!»,- деп бөлісті Наргиз Макраева.
NF Media