Есірткі зертханасының жолы кесілді

Елорда прокуратурасы бастамашылық еткен жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу туралы қаулы шеңберінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті синтетикалық есірткі құралдарын дайындаумен айналысатын зертхананың қызметін тоқтатты.

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралармен 11 кг астам «мефедрон» синтетикалық есірткі заты, сондай-ақ әртүрлі прекурсорлар және құрылғылар тәркіленді.

Есірткі зертханасы елорда маңындағы елді мекендердің бірінде жұмыс істеген.

Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, қатысы бар адамдар ұсталды, олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы елордалық прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары 4 есірткі зертханасын анықтады.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қала прокуратурасының жеке бақылауында.